• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Сәуір, 2024

Ақтөбе облысында тағы бір бала қарғын суға батып кетті

203 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында тағы бір бала қарғын суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 сәуірде Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылында болған. Он жастағы бала көшеде достарымен ойнап жүрген кезде тайып кетіп, еріген суға құлап кеткен. Су терең болып шықты.

Балалар болған оқиғаны үлкендерге хабарлаған. Олар баланы судан алып шыққанда, тым кеш болып шықты. 

Бала жас отбасының тұңғышы болатын. Ерлі-зайыптылардың тағы екі қызы бар. 

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ебейті ауылында төрт жасар бала еріген суға батып кеткен болатын. Бала ағасы екеуі далада ойнап жүріп, еңістен арыққа құлап, тұншығып қалған.