Қазақтың ұстанатын бір қағидасы – қайырымдылық. Бұл, әсіресе өңірлер табиғи апаттан зардап шеккен қиын сәтте анық байқалды.
Атырау облысының тұрғындары «Күшіміз – бірлікте» акциясына белсене атсалысты. Жергілікті жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Сағидоллаеваның айтуынша, үш күнде 8 тонна азық-түлік, киім мен дәрі-дәрмек, гигиеналық заттар жиналды.
«Еліміздің біраз өңірі су тасқынынан зардап шекті. Бұл – табиғи сипаттағы төтенше жағдай. Осындай қиын кезде біртұтас бірлігімізді көрсету – азаматтық борышымыз. Осыған орай өңірде көмек көрсету пункті ашылды. Табиғи апаттың қыспағында қалып, қиналған өңірлердің тұрғындарына жіберу үшін күнделікті тұтынатын азық-түлік, өзге де заттарды жинауға жергілікті кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары үлес қосты. Мұндай жанашырлық танытудан қарапайым тұрғындар да қалыс қалмады», дейді М.Сағидоллаева.
Оның айтуына қарағанда, екі жүк көлігіне тиелген гуманитарлық заттары Ақтөбе облысына жіберілді.
Атырау облысы