• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2024

Биыл мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

422 рет
көрсетілді

Алдағы мамыр айында 3 мереке бар. Олардың бәрі аптаның ортасына келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамыр айы – мерекемен басталады. 1 мамырда аталып өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні биыл сәрсенбіге түсіп тұр екен. Сол себепті 5 күн жұмыс істейтін азаматтар апта ортасында 1 күн демалып, бейсенбі мен жұмада ары қарай жұмыс істей береді. 6 күн жұмыс істейтіндер үшін де сәрсенбі демалыс, одан кейін 2, 3, 4 мамырда жұмыс істейді.

Айдың екінші аптасында жұмыс күнінен демалыс көбірек болады.

5 күн жұмыс істейтіндер 6 мамырда жұмысқа шығып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде мерекені үйден атап өтуге мүмкіндік алады. Содан кейін 8 мамырда 1 күн жұмыс істеп, 9 мамырда тағы демалмақ.

Ары қарай жұма күні жұмыс істеп, сенбі, жексенбіге жоспар құра берсе болады. 6 күн жұмыс істейтіндер үшін де тек сенбіде демалмайтыны болмаса, дәл осындай кесте.