• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2024

«Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 4,9 млрд теңге жұмсаған

109 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының дене шынықтыру басқармасы «Ордабасы» ФК 2023 жылғы шығындар сомасын жария еткен есебін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Sports.kz сайтының жазуынша құжатта: «Балалар футбол орталығы - 1,2 миллиард теңге. Футболдан Премьер-Лиганың матчтарына қатысу - 1,2 миллиард теңге. Конференция Лигасының матчтарына қатысу - 1,4 миллиард теңге. Футболшылардың жалақысы - 1,1 миллиард теңге», делінген.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы орган тарапынан күтпеген шығыстарға арналған резервтен «Ордабасы» компаниясының 2 миллиард 227,5 миллион теңге көлемінде салық берешегін өтегені аталған.

Естеріңізге салайық, өткен маусымда «Ордабасы» өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Премьер-Лигасының «алтынын» жеңіп алды.