Астанада аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлының дүниеден өтуіне байланысты қоштасу рәсімі өтеді.
Рәсім 5 сәуірде сағат 10:00-де елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында жоспарланған.
Айта кетсек, жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да Ұлттық пантеонда болады.