Тасыған су талай малды құрбан еткенін естіп-біліп отырмыз. Осындай оқиға Ақмола өңірінде де тіркелді. Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе аулында ақмолалық құтқарушылар 6 түйені судан құтқарды.
Еріген қар суы басқан кезде түйелер далада жайылып жүрген екен. Судан қорыққан жануарлар орнынан қозғала алмай қалған. Сөйтіп, түйелерді құтқаруға ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов бастаған құтқарушылар тобы жетті.
«30 жылдық тәжірибемде түйелерді алғаш рет құтқарып тұрмын. Жануарлар жүзе алмайды, судың тереңдігі – шамамен бір метр. Біз оларды бірден құрғаққа шығардық», деп атап өтті Е.Молдаханов.