• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Талапкер ауылында қауіп сейілді

97 рет
көрсетілді

Бүгін таңда Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы тасқын суға қатысты жағдай тұрақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір жасанды канал нығайтылды. Су басқан 26 тұрғын үйдің ішінен 20 аумақтан су сорылды. Қазір 6 ауладан су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Жеке тұрғын үйлерді су басуға жол берілмейді. Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ әскери қызметшілері құрамынан 116 адам, 40-тан астам бірлік техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.