• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2024

Атырау облысының су басқан ауданынан тұрғындар пойызбен эвакуацияланады

245 рет
көрсетілді

Су тасқыны салдарынан Құлсары-Доссор автожолында қозғалыс тоқтатылды. Азаматтарды әкетуге арнайы пойыз бағыты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін сағат 10:30-да 5 вагондық пойыз Құлсары станциясынан Атырауға аттанды. Кері бағытта Атыраудан Құлсарыға пойыз сағат 19:00-де жөнелтіледі. Аталған бағыттағы пойыз жоспар бойынша Шоқпартоғай және Мақат станциялары аялдамаларына тоқтайды. Жолаушыларға жол жүру тегін болады.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарламасында: «Темір жолдың барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмысқа ауыстырылды. Айналма жолдар жүргізіліп, су жиналатын орындар анықталды, жер төсемінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. ахуалдарын бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді. Пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін суды бұру бойынша шұғыл іс-шаралар қабылданып отыр. Қажетті құрал-жабдықтары мен материалдары бар 45 шайып кетуге қарсы пойыз толық дайын», делінген.