Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында елордалық спортшы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткендей, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.
Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі.
Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.