• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Сәуір, 2024

Бүгін қай өңірлерде жаңбыр жауады?

99 рет
көрсетілді

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова атап өткендей, республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, түнгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қарға ауысатын жаңбыр болады. Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

«Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен шығысында 13-20 градус, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 7-15 градус, орталығында 12-17 градус, елдің оңтүстігінде 20-25 градус, республиканың оңтүстік-шығысында  17-22 градус жылы болады деп күтіліп отыр», деді спикер ОКҚ алаңында.