• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2024

Су деңгейі рекордтық көрсеткішке көтерілді

1650 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең «Қазгидрометтің» хабарлауына қарағанда, Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасында плотинадан асқан судың деңгейі 2017 жылғы рекордтық көрсеткішінен (338 см) асып, 365 см-ге жетті.

Қоймадағы жалпы су деңгейі 1165 см-ге жеткен. Оның жобадағы ең жоғары деңгейі - 800 см. Қазір су сағатына 6-7 см жылдамдықпен құйылып жатыр.