• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2024

Атырау облысының әкімі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды

149 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов төтенше жағдай жарияланғаннан кейін тұрғындарға үндеу жолдады.

Әкімнің пікірінше, төтенше жағдай режимі су тасқынына дайындықты күшейту мақсатында жарияланып отыр.

«Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне өте қомақты көлемде су жіберіліп жатыр. Су өзен арқылы Атырау жеріне де жетеді. Бұл су тасқыны қаупін тудыруы мүмкін. Осы мәселені ескеріп, барлық қарсы күш-құралды жұмылдыру үшін табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялауға шешім қабылдадым. Бірақ, бүгін-ертең төніп тұрған қауіп жоқ. Сондықтан, дүрбелең ұйымдастырмай, бәріміз су тасқынына қарсы тұруымыз керек. Барлық жағдайды бақылауымда ұстап отырмын», деді Серік Шәпкенов.