• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2024

Жылыой ауданынан эвакуацияланған балалар сабақты қашықтан оқиды

97 рет
көрсетілді

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиеваның айтуынша, эвакуацияланған отбасылардың балаларын қашықтан оқыту ұйымдастырылады. Бұл аудандағы жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасады.

«Онлайн форматта білім алатындардың қатарында Құлсары қаласынан «Теңіз» кен орнындағы вахталық кентке, Атырау қаласына эвакуацияланған отбасылардың балалары бар. Су тасқынына байланысты тұрғындардың бір тобы Маңғыстау облысына жеткізілді. Олардың балалары сол өңірдің білім бөлімдері арқылы оқытылады», деді Света Аманшиева.