• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 09 Сәуір, 2024

«Банк қызметкерін сан соқтырған»: Алматы полицейлері күдіктілерді ұстады

258 рет
көрсетілді

Алматы полициясы екінші деңгейлі банк қызметкерін алдаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Оның мессенджеріне құқық қорғау органдарының өкілдері тарапынан банк пен оның қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізіліп жатқаны туралы және ол олардың нақты нұсқауларын орындауы керек деген хабарламалар келе бастаған. Кейінірек олар кибершабуыл болғанын және алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін барлық қолданыстағы шоттан ақшаны алып, содан кейін сенімді адамдарға аудару қажеттігін хабарлаған. Осы нұсқауларды орындаған әйел шотынан 4 миллион теңге және 10 мың долларды шешіп алған. Ол ақшаны курьерге беріп жіберген», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Алаяқтарға алданғанын ұққан әйел полициядан көмек сұраған. Курьер дереу ұсталды. 19 жастағы жасөспірім аталған әрекеттің қылмыстық сипатын білетінін мойындады, жұмыс берушілер оған жәбірленушілерден алған сомадан 1 пайыз сыйақы беріп отырған.

«Курьер ақшаны аударған шоттарды анықтадық. Олардың ізі шетелде табылды. Айтпақшы, қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуға қатысқан үш адам ұсталды. Күдіктілер қамауға алынды», деді Қ.Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.