• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2024

Атырауда Жылыой ауданының тұрғындары эвакуацияланып жатыр

110 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы Жылыой ауданынан 34 998 тұрғын эвакуацияланды. Оның дені – Құлсары қаласында тұратын тұрғындар, деп жазады Egemen.kz. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, Жылыой ауданында авариялық-құтқару жұмысы үзіліссіз жүргізіліп жатыр.

«Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау әлі тоқтаған жоқ. Құтқарушылар ауыл тұрғындарын және олардың төрт түлігін қауіпсіз жерге көшіруге көмектесіп жатыр. Ауданнан 9 сәуірдегі мәліметке сәйкес, 34 998 тұрғын эвакуацияланып, қабылдау пункттеріне орналастырылды. Оның ішінде 7 239 бала бар. Елді мекендер тұрғындарының иелігіндегі 19 939 бас мал қауіпсіз жерге айдалды», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жылыой ауданына еліміздің әр өңірінен 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген.

«Су астында қалған тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік субъектілеріне иелеріне, тұрғындарға, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына су басқан аумақтарға бармауды сұраймыз. Бұл төтенше жағдайлар туындамауы үшін қажет», деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.