Денсаулық сақтау министрлігі мен «Samruk-Kazyna Trust» КҚ «Медициналық пойыздар» жобасы шеңберінде жауапкершілікті күшейту және өзара іс-қимылды нығайту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы тұрғындарды білікті тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 20 сәуірде шалғайдағы ауылдарға және станцияларға жүре бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, аталған көлік медицинасы шарасы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
«Медициналық пойыз ауыл тұрғындарына медициналық зерттеп-қараулардың, диагностикалық қызметтердің, арнайы мамандардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді және емдеуге жатқызуға жолдама ала алады», деп атап өтті министр.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, медициналық пойыз 140 станцияға барады, онда 92 мыңнан астам адам зерттеліп-қаралып, емделеді, дәрігерлер 100 мыңнан астам қабылдау өткізеді.
Тасқын ахуалын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылады.