• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2010

“ҒАЖАЙЫП ҮНДІСТАН”, №1

877 рет
көрсетілді

1992 жылғы алғашқы санынан бастап, өз оқырмандарының сүйікті басылымына айналған (алғаш газет, кейіннен журнал болып шыққан) “Ғажайып Үндістан” журналының кезекті саны жарық көрді. Журналдың жаңа саны “Ұлы Жеңіске – 65 жыл” айдарымен беріл­ген “Сартай ақынның май­дан­нан жолдаған толғау-хаты” ерлік дастанымен ашылған. Бұл санда “Елтану ендігі” айдарымен айқара бетке Қазақстан Республи­касының Әнұраны және Үндістан Республикасының әнұраны жа­рия­ланған. Журнал беттерінен “Достықта жоқ шекара” айдары­мен ұсынылған Үндістанның Қазақ­стандағы елшісі Ашок Сад­жанхардың “Үндістан мен Қазақ­стан достық қарым-қаты­нас­тарының жаңа серпіні” атты бар­ша қазақстандықтарға жолдауын, “Үнді-ақпарат” айдарымен беріл­ген “Қазақстандағы Тагор мүсіні”, “Үнді ән-биінің Гала-концерті”, “Калпана” – үнді картиналары­ның көрмесі”, “Үндістанның үздік тауарлары” – Алматыда” атты топтама материалдарды оқи аласыздар. “Ғажайып Үндістан” журналы­ның дәстүрлі “Үнді киносы” қосымшасынан (журнал ішіндегі журналдан) оның осы сандағы басты кейіпкері Айшвария туралы “Айшвария Рай Голливудты табындырған үнді аруы” атты айшықты бөлімді, “Менің атым – Хан”, “Шахрух Хан: “Мені әуе­лет­кен – әріптестерім”, жұлдызды шағында қапыда дүниеден озған аяулы актриса Смита Патиль туралы “Шынайылықтың шыңы” атты материалдарды оқуға болады. Сондай-ақ, оқырмандарды Үндістан Республикасы күніне орай жарияланған “Аңсатқан арайлы азаттық” атты тарихи очерк, “Наурыз! Холи!..” айдары­мен берілген (бұл атау журналдың дәстүрлі айдары болмақ) А.Шы­мырбайұлының “Рухы ортақ қос мейрам”, Алматы қаласындағы М.Ган­­ди атындағы №92 мектеп-ли­цейі­нің қазақ тілі мен әдебиеті­нің мұғалімі А.Жуасбаеваның “Жүректің көзі ашылса...” – Абай, Шәкәрім, Махатма Ганди ой-ілімдерінің сабақтастығы хақында” атты зерттеу мақаласы, “Бұлан мен Қырғауыл” (Шығыс ертегісі) атты аңыз-дастан бейжай қалдырмасы анық. Журналдың тұрақты оқырман­дарының есіне: “Ғажайып Үн­ді­стан” журналының 2007-2010 жыл­дары жарық көрген 1, 2, 3, 4 (22 – 25) сандарын алдыру үшін мына мекен-жайға хабарласу керек: инд.: 485000, Алматы қала­сы, Бас пошта, №417 абонемент жәшігі. e-maіl: gazhab_hіndustan@maіl.ru Тел.: 398-54-37.