• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2024

Елдегі су қоймалары қанша пайызға толды?

107 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы 92%-ға толы. Мұнда 489 миллион текше метр су жиналды.

Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% су жинады.

Батыс Қазақстан облысындағы 4 ірі су қоймасы орта есеппен 68%-ға толды.

Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 84,6%.

Ақмола облысының екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 99%, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 98%-ға толы. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 218 миллион текше метрден астам су жиналды.

Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы 100%-ға толды. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 192 миллион текше метрден астам су жиналды.