Атырау қаласының тұрғындары аспаннан ерекше көріністі байқады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аtyrauoil.official парақшасы бұл құрлықаралық зымыранды сынақтан өткізудің белгісі болуы мүмкін деген болжам жасап, жазба қалдырған.
«Бір жыл бұрын Астрахань облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Капустин Яр полигонынан құрлықаралық баллистикалық зымыран да сынақтан өткен болатын. Сонда Қорғаныс министрлігі жазғандай, «зымыранның оқу-жаттығу оқтұмсығы Қазақстандағы полигондағы шартты нысанаға белгіленген дәлдікпен тиді», - деп жазылған парақшада.
Бұл жайтқа қатысты ресми ақпарат берілмеді.