• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2024

Қостанай облысының малы суға кеткен тұрғындары ақшалай төлем ала бастады

160 рет
көрсетілді

Су тасқыны салдарынан болған шығындарды есептейтін арнайы комиссия бүгінге дейін 901 бас малдың өлгенін растаған. 214 бастың өтемақысы мал иелерінің есепшотына аударылған. Мал шығынына қатысты төлемдер заң аясында, табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты залалды өтеу ережелеріне сәйкес іске асырылып жатыр.

«Қазіргі уақытта төлемдер су тасқынынан зардап шеккен Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарына жүзеге асырылып жатыр. Аталған аудандарда суға кеткен ауылшаруашылық жануарларының тізімі жасалып, олардың мал иелеріне тиесілі екенін растайтын құжаттар сәйкестендірілді. Бұл ветеринария мамандары берген паспорт немесе АШЖС базасынан алынған көшірме құжаттар арқылы анықталады. Соның негізінде жануардың жынысы, жасы, түсі, тұқымы белгіленеді. Бұдан әрі жиналған құжаттар бағалау компаниясына жіберіледі, олар өз кезегінде өлген малдың орташа нарықтық құнын шығарып, залал сомасын анықтайды», дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Кушубенова.

А.Кушубенованың айтуынша, қазір ветеринария мамандары ауылшаруашылық жануарларын утилизациялау, утильдеу орындарын дезинфекциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Су тасқыны болған жерлерден табылған жануарлардың өлекселері траншеяларда өртеніп, кейін көміледі.

Амангелді, Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласында жергілікті атқарушы органдардың жанынан өтемақы төлеуді жүзеге асыратын комиссиялар ұйымдастырылған. Тұрғындар мал шығынына байланысты өтемақы алу үшін осы комиссияларға жүгінулері қажет.

Қостанай облысы