• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2024

Танымал қазақстандық дәрігер Әукен Мәшкеев өмірден өтті

85 рет
көрсетілді

Танымал қазақстандық дәрігер Әукен Мәшкеев өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 Әукен Мәшкеев - ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның "Педиатрлар Одағы" ҚБ басқарма төрағасының орынбасары, "Педиатрия және балалар хирургиясы" журналының бас редакторы болған.

Құрметті дәрігер, ұстаз, бүкіл өмірін балалар денсаулығын зерттеуге арнаған көрнекті ғалым, асқан инноватор, педиатрия саласындағы бірқатар ғылыми патенттердің иегері болды.

Әукен Қиясұлы балалардағы целиакия ауруын, ойық жара ауруын, дисбактериозды емдеудің жаңа әдістерін, диетотерапияны ұсынды және енгізді.

- Елдің денсаулық сақтау жүйесі, педиатриялық қоғамдастық саланың еңбек сіңірген қайраткері, өз ісінің қажымас энтузиасты, талантты дәрігер, беделді тәлімгердің өмірден озуына байланысты орны толмас қайғыға ұшырады.

Осыған байланысты өз атымнан және Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан Әукен Қиясұлы Мәшкеевтің барлық туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, қайғырып көңіл айтамын, - дейді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.