• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Басылым 14 Сәуір, 2024

Басқа басылымдардан: Ең ауыр табиғи апат

108 рет
көрсетілді

Қазақстанда жексенбіде Тө­тенше жағдайлар ми­нистр­­лігі 12 мыңға жуық адам уақытша баспанаға орна­лас­­тырылға­­нын хабарлады. Соны­мен қатар құт­­қару­шылар 60 мың­ға жуық үй жануарын қауіпсіз аймақ­қа жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Қазақстанда кейінгі 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат екенін айтты. Телеарна арқылы халыққа арнаған үн­деуінде Тоқаев мырза Үкімет су тасқынының салдарын жою бо­йынша жұмысты күшейткенін, барлық қажетті көмек көр­сетілетінін айтты.

«Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министр­лігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер жəне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың əкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы», деді Қ.Тоқаев.

 

Су тасқыны тоқтауын дұғасына қосты

Рим Папасы Франциск әр аптаның сәрсенбісінде өтетін дәстүрлі аудиенциясы кезін­де Қазақстан халқына қолдау білдірді.

Рим Папасы Қазақстанның көптеген аймағы зардап шеккен, мыңдаған адамдарды эва­куациялауға мәжбүр болған қат­ты су тасқынынан зардап шеккендерді құтқару үшін дұға етуді сұрады.

Каспий теңізіне құятын Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден 70 см-ге асып, 10 метрге жеткеннен кейін елді мекендерді су басты. 100 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

«Мен осы уақытта Қазақстан халқына рухани жақын екенімді жеткізгім келеді», деді Рим Папасы 2024 жылғы 10 сәуірде өзінің жалпы аудиенциясында сөйлеген сөзінде.

 

Бес банк позициясын жақсартты

Жетекші рейтинг агент­тік­терінің бірі саналатын «S&P Global Ratings» өз болжамын қай­та қарап, Қазақ­станның бес бан­кісінің позициясын көтерді.

S&P сарапшылары кейінгі жылдары Қазақстанның банк секторы макроэкономикалық тәуекелдерге, әсіресе аймақтағы геосаяси тұрақсыздықтың күшеюі аясында төзімділік танытқанын атап өтті.

Банк активтерінің сапасы мен қаржылай көрсеткіштері талдаушылардың күткенінен айтарлықтай асып түсті. Нә­ти­жесінде, S&P экономикалық тәуекелдерді бағалауды жақсартты және салалық тәуекелдер үрдісін «оң» деңгейіне қайтарды. Мысалы, 2024 жылдың басындағы жағдай бойынша мерзімі өткен несиелердің үлесі (90 күннен астам мерзімі өткен) жалпы портфельдің небәрі 3%-ын құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Рейтингіге «Halyk Bank», «Kaspi Bank», «Bank CenterCredit», «ForteBank» және «Нұрбанк» сияқты банктер енді.

 

AIX директорының оң пікірі

Астана халықаралық бир­жасының (АІХ) операция­лық директоры Оливье Герис ақпараттық портал тілші­сіне берген сұхбатында Қазақ­стан­ның дамуы туралы да өз ой-пі­кірін білдірді.

Оливье Герис AIX-ке келгенге дейін Қатар қор бир­жасының бас операциялық директоры қызметін атқарған. Оның тәжірибесі AIX-тің Орталық Азияда, одан тыс жер­лерде қаржы орталығы ретінде қалыптасуына ықпал еткен.

«Қазақстан мұнай мен газдың ірі өндірушісі ретінде өз экономикасын әртараптандыруға міндетті түрде ұмтылуы керек. Мен білім саласында (әсіресе университеттерде), ауыл шаруашылығына қатысты кәсіпорындарда, «Fintech/Smart Tech» компанияларында айтарлықтай жетістік­терді көріп отырмын. Қазақстан – IT-мен байланысты жобалар­дың ордасы, оның жас тұрғындарының кәсіпкерлік және инновациялық білім-білігі өте жоғары. Менің ойымша, қазір бұл деңгейге тек Сауд Арабиясы ғана сәйкес келеді», дейді Оливье Герис.

Жалпы, Оливье Герис шетелдік инвесторларға инвес­тициялық ахуалдың айтарлықтай жақсарғанын да атап өтті.

 

Маңызды келісім

Қазақстан мен Макао тығыз байланысты, туризм мен сау­даны дамыту мақсатында екі аймақ арасында визасыз ре­жім енгізу туралы келісімге қол қойды. Визасыз режім екі өңір­дің азаматтарына бір-бі­ріне 14 күнге дейін визасыз келуге мүмкіндік береді.

Бұл мәміле Қазақстанның 2023 жылдың қарашасында Қытаймен көршілес екі ел арасында визасыз режім енгізген бұрынғы келісімінен кейін жасалып отыр. Алғашқы келісім Қазақстан азаматтарының Қытайға түрлі мақсатта, соның ішінде іскерлік, туризм және емдеу мақсатында саяхаттауын жеңілдеткенімен, ол Гонконг пен Макао сияқты аймақтарға таралмайтын еді. Енді Макаоға да жол ашылып отыр.