• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2024

Атырауда тасқын суын қабылдайтын орындар дайындалып жатыр

182 рет
көрсетілді

Қазақстанда су тасқыны қаупі әлі де сейілер емес. Елдің 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталып тұр. Соның ішінде Атырау облысында тасқын суды қабылдау үшін каналдарда бос орындар дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

«Қазсушар» мекемесінің Атырау облыстық филиалына қарасты 4 каналда тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындалып жатыр. Атап айтқанда, Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын каналдарына вегетация маусымына жиналған су Каспий теңізіне жіберілген.

Нәтижесінде Соколок каналы 2 млн текше метр, Сарыөзек каналы 3 млн текше метр, Бақсай каналы 7 млн текше метр және Нарын каналы 4,5 млн текше метр су қабылдауға дайындалды.

«Бұдан бөлек, «Қазсушар» мекемесі Сарыөзек каналының 5 шақырымының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ канал жанынан 50 шақырым су бөгеті салынып жатыр және қорғанысты нығайту мақсатында каналдың жағасы қапшықтармен қосымша 4-5 метрге көтерілді», деп хабарлады Су және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.