• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Сәуір, 2024

Жайық жағалауын шетелдіктер де нығайтып жатыр

133 рет
көрсетілді

Жергілікті тұрғындармен бірге Жайық жағалауын нығайту жұмыстарына шетел азаматтары да қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен демалыс күндері шетелдік кәсіпорындардың жұмысшылары тұратын Достық қаласының 60-тан астам тұрғыны өзен бойындағы бөгеттерді салуға атсалысқан. Ұйымдастырушы Оңтүстік Луизианадан келген – Джон Фелл су тасқынына қалай дайындалу керектігін бала кезінен біледі екен, тәжірибесімен де бөлісті. Себебі Оңтүстік Луизианада жылына 3-4 рет су тасқыны болады.

Айта кетсек, Д.Фелл тасқын басталғалы бері қызыл сумен күресіп, қолдан келер көмекті аямай жүр.