Дубай қаласында қатты нөсерлі жауын салдарынан әуе айлақты су басып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылды.
Әуе компания жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Рейстердің мәртебесін әуе компанияның ресми сайтынан тексеруге болады.