Қарағандыда үш жасар қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға кеше, 16 сәуірде Майқұдық шағынаудандарының бірінде болған. Бүлдіршін ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға кезінде қыздың анасы көрші бөлмеде болғанын хабарлады.
«16 сәуірде Қарағанды қаласы, Күзембаев көшесі бойындағы Ә.Бөкейханов атындағы ауданда, бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған қыз бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Анасы көрші бөлмеде болған. Бүлдіршін ауыр халде жатыр», деді ведомство өкілдері.