Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Спутник Қырғызстан хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қырғыз президентінің сапары 18-19 сәуірге жоспарланған.
Екі ел президенттері қос мемлекеттің ынтымақтастығы мен оны дамыту перспективаларын талқылайды.
Сапар аясында Астанада Манас ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді.
Күн тәртібіне сәйкес, елордада Қазақстан - Қырғызстан бизнес-форумы өтіп, зиялы қауым, талантты жастар мен ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.