Осы айдың 19-21 күндері Қырғыз елінің бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж Олимпиадасы жолдамаларына талас қызады. Грек-рим күресі және еркін күрестен ер балуандар бес салмақ тұрғысында, ал бұрымдыларымыз алты салмақ бойынша белдесулерге шығады, деп жазады Egemen.kz.
Париж-2024 лицензиясына таласатын балуандар тізімі:
Грек-рим күресі:
60 келі: Айдос Сұлтанғали 67 келі: Мейіржан Шермаханбет 77 келі: Демеу Жадыраев 97 келі: Олжас Сырлыбай 130 келі: Әлімхан Сыздықов.
Еркін күрес:
57 келі: Ерасыл Мұхтарұлы 65 келі: Майис Әлиев 74 келі: Нұрғожа Қайпанов 97 келі: Әлішер Ерғали 125 келі: Юсуп Батырмұрзаев
Әйелдер күресі:
50 келі: Лаура Ғаниқызы 53 келі: Жұлдыз Ешімова 57 келі: Эмма Тисина 62 келі: Ирина Кузнецова 68 келі: Елена Шалыгина 76 келі: Жәмила Бақбергенова.