Ташкентте мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушыларының қолдарын инемен шаншыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Podrobno.uz порталы хабарлағандай, оқиға Сіргелі ауданының №277 мектебінде болған. Онда мұғалімдердің бірі бірінші сынып оқушыларының қолдарын өткір заттармен, дәлірек айтқанда ине және бұрамашегемен шаншыған.
Оқушылардың ата-аналары бұл оқиға бойынша мектеп директорына шағымданған.
Балаларға қатігездік танытқан мұғалім қызметінен босатылды. Сергелия ауданының ІІО қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.