• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2015

Еліміздің өңірлерінде соттардың судьялары мен төрағалары таныстырылды

382 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 қаңтар. Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстық соттарында және Алматы қалалық сотында Президенттің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес жаңадан тағайындалған облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары таныстырылды. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады. Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы лауазымына – Даулен Балықов, Бостандық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып Жанат Бекжанов, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы лауазымына Орал қалалық №2 сотының судьясы қызметін атқарған Ғалия Дәулетқалиева тағайындалды. Ал Қостанай облысының сот қауымдастығына облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жаңа төрағасы Арман Шәмшиев таныстырылды. Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов  сот ұжымына мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған Сембек Баймахановты, Қордай аудандық сотының төрағасы Сакен Тұрғынбаевты, Тараз қалалық №2 сотының судьясы Ернар Жаманқұловты, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы А.Рахметулин ұжымға Шемонаиха ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының  төрағасы қызметіне тағайындалған Санат Сәрсенбаевты, Бесқарағай аудандық сотының төрағасы Әріпхан Әбдірахмановты,  Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Лаура Қайырбаеваны таныстырды. Облыстық сот төрағалары жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьяларды сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру және азаматтардың сенімін нығайтуды, ең бастысы заң үстемдігін сақтай отырып, қызмет етуге шақырды. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.