Жайық өзеніндегі су деңгейі 779 см-ге жетті, ал қауіпті деңгей - 850 см. Енді өңірдегі Шаған су қоймасының қақпаларына темір қорғандар орнатыла бастады, деп жазады Egemen.kz.
«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары Шаған су қоймасының су жіберетін құрылыстарының қақпаларына қосымша металл конструкцияларды монтаждау жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл Жайық өзенінің деңгейі 10 метрден асқан жағдайда тасқын суынан қорғау үшін қажет, - делінген Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарамасында.