2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы үшін жұмыс аптасын ұйымдастырудың жаңа қағидасы енгізілді. Енді Әскери-теңіз күштерінде бір айда екі жұма күні қысқа жұмыс күні болып табылады.
«Отбасы күні» аталған бұл күндер америкалық әріптестер тәжірибесінен алынған. Айына екі рет жұма күндері (әр айдың бірінші және үшінші жұмасы) командирдің рұқсатымен әскери қызметшілер жеке мәселелерін шешу үшін жұмыстан сағат 15.00-ден кейін кете алады.
Айта кетсек, Әскери-теңіз күштерінде 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 күндік болып келген жұмыс аптасы былтыр 5 күндікке ауыстырылған болатын.
«Егемен-ақпарат».