Щучинскте полицейлер жеке үйдің ауласынан кішкентай баланың мәйітін тапты, деп жазады Egemen.kz.
Тәртіп сақшылары жағдайдың анық-қанығы тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын айтты. Десе де жантүршігерлік оқиғаның негізгі сюжеті азды-көпті ашылды.
Бірнеше жыл бұрын жас келіншек отбасына денсаулық жағдайы ерекше бес бала асырап алған. Осы жылдың 16 сәуірінде сол балалардың бірі ауыр соққы салдарынан жансақтау бөліміне түседі. Тәртіп сақшылары бұл фактіге қызығушылық танытып, тексере бастайды. Көп ұзамай оқиға тағы бір жантүршігерлік қылмыстың бетін ашады.
Анық болғандай, бірнеше күн бұрын облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түскен баланың туу туралы куәлігі басқа балаға тиісті болып шығады. Басында медицина қызметкерлері анасы асығып жүріп басқа перзентінің құжатын алып келген деп ойлайды. Кейіннен ауруханаға әкелінген құжат қайтыс болған 5 жастағы балаға тиесілі болып шығады.