Алматыда жасөспірім қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Tengrinews.kz редакциясына 20 сәуірде қаладағы паркингтердің бірінде 13 жастағы қыздың зорланғаны туралы хабар келіп түскен.
Алматы полициясының хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі «Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр», деді полиция қызметкерлері.