• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2015

Ақпараттар ағыны

231 рет
көрсетілді

*«Азық-түлік келісім­шарт корпорациясы» ҰК» АҚ «ҚазМақта» АҚ-тың 100% ак­циясын сатады. Құрылымның баспасөз қызметі хабарлағандай, бастапқы баға 3 380 051 579 теңге болып отыр. Аукционға қатысуға арналған өтінім үстіміздегі жылдың 5 ақпанына дейін қабылданады. *-Елімізде Оңтүстік Ко­рея компаниясы қуаты 310 мегаватқа жететін ЖЭС салатын болды. Осы­ған орай бекітілген келісім­шарт­тың құны 308 млн. доллар­ды құраған. Станса Кас­пий теңізінің солтүстік жаға­лау­ында орналаспақ. *«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2014» рес­публикалық байқауының үз­діктері анықталды. Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастыратын шара­ға еліміздегі 90 ЖОО-дан 545 үміткер қатысып, со­ның 200-і жеңімпаз атанды. Атал­мыш байқауда грант ұтып алғандарға әлемнің жетек­ші университеттерінде тағы­лым­дамадан өтуге, өздерінің ғылыми жобаларын жүзеге асыруына мүмкіндік бар. *Алматы облысында 40 отбасы қайта қалпына кел­тірілген көпқабатты тұрғын үйге қоныстанды. Алакөл ау­данында орналасқан бұл үйдегі пәтерлер мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы аналарға, мемлекеттік қызметшілер мен жас отбасыларға берілген. Оның жөндеу жұмыстарына «Қол­жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 230 млн. теңгеден астам қаржы бө­лінген. *Қарағанды өңіріндегі Дос­кей ауылында жаңа дәрі­герлік амбулатория ашылды. Облыс әкімдігінің бас­пасөз қызметінің дере­гін­ше, бұл мекеменің құры­лы­сы мен жабдықталуына респуб­ликалық қазынадан 170 млн. теңге көлемінде қара­жат жұмсалған. Енді ауыл тұрғындары сапалы меди­ци­налық қызметті қалаға бармай-ақ, өздерінің тұрғы­лық­ты жерінде ала алады. Жаңа ғимаратта 42 бөлме мен педиатрия блогы жұмыс іс­тейді. Санитарлық автокөлік, жал­пы тәжірибедегі екі дәрі­гер, 7 медицина қызметкері халық­қа қызмет көрсетуге дайын. Сондай-ақ, алдағы уақыт­та мұнда қосымша дәріха­на, фти­зио­терапия кабинеті, күн­діз­гі стационар ашу көзделіп отыр. *Түркістанда кәсіп­кер­лерге қызмет көрсету орталығы пайдалануға бе­рілді. Оңтүстік Қазақстан об­лысы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының баспасөз қызметі атап көрсеткендей, онда «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлер үшін қызметтер кешені ұсынылады. Сондай-ақ, жаңа орталықта шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту шаралары туралы да мағлұматтар беріледі. *Ақтөбеде аймақтық си­муляциялық орталық өз жұ­мысын бастады. Мұнда аку­шер ісі және гинекология, хирур­гия мен терапия, мед­бике ісі сыныптары қызмет көр­сете­ді. Айта кетейік, зама­науи си­му­ляторлармен жаб­дық­талған бұл оқу орталығында 50 млн. теңгеге сатып алынған роботтар бар. *Солтүстік Қазақстанда жа­ңа мешіт ашылды. «Қызыл­жар» орталық мешітінің бас­пасөз қызметі Есіл ауда­нын­дағы Жарғайың ауылында бой көтерген мешітті жеке кәсіпкер Дулат Қалитов өз қаражатына салғанын мәлімдеді. Ғиба­дат­ханада кітапхана, асхана жұмыс істейді. *Ақтауда мәдениет пен спортты дамыту ісі бас­ты назарда тұр. Қалалық эко­но­мика және бюджеттік жос­парлау бөлімінің бастығы Ада Кимнің сөзіне қарағанда, биыл 496 млн. теңгеден астам қаржы аталған салаларды өрістетуге жұмсалатын көрінеді. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.    
Соңғы жаңалықтар