• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 22 Сәуір, 2024

Қазақстанда гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондар пайда болды

231 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин су тасқыны болып жатқан өңірлерге гуманитарлық көмек жеткізетін 3 дрон сатып алынғанын хабаралады, деп жазды Egemen.kz.

ARC Drones дрон құрылғысының 3 данасы Америкадан сатып алынды.

«Қазір ARC Drones өкілдері Атырау қаласында жүр, олар ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды заттарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын», деп жазды Бағдат Мусин.

ARC Drones – отандастарымыз Әлібек Ерсай мен Әсел Тұрсын негізін қалаған америкалық стартап. Бұл дрондар 10 км радиуста 30-40 келіге дейін жүк көтеріп, күніне 100-ге дейін рейс жасай алады.

Министр аталған дрондар су сынамаларын да жинауға қауқарлы екенін айтты.

Сондай-ақ ARC Drones дрон құрылғысы құтқарушылар мен еріктілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысын жеңілдетеді.