Жетісу облысының жедел-құтқару жасағы жоғалған балықшыны Балқаш көлі Борлы шығанағында тауып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анықталғандай, қайықпен балық аулауға шыққан ер адамды екпінді жел қамыс арасына ұшырып әкеткен.
ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді. Үйіне аман-есен оралған балықшы медициналық көмекті қажет етпеген.