• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2015

Топырақты мұнайдан тазартудың амалын тапты

617 рет
көрсетілді

Отандық ғалымдарымыз бен өнертапқыштарымыздың жетістігі уақыт өткен сайын еселеніп келеді. Әсіресе, соңғы кездері әлем назарына ұсынылған тың жобалар мен айтулы жаңалықтардың мән-маңызы ерекше. Міне, осынау іргелі істердің қатары тағы бір ғылыми жобамен толығып отыр. Нақтылай айтқанда, қазақ­стандық химик Ерлан Досжанов мұнайдан ластанған жерді тазар­тудың әдісін ойлап тауып, бұл жаңалығын  «Еуразияның үздік жас ғалымы» сайысында сәтті қор­ғап шықты. Осылайша, ТМД елдерінен келген жүзден астам ғалым қатысқан конкурста отан­дасымыздың жұмысы маман­дардың ыстық ықыласына бөле­ніп, «Адам экологиясы» номина­циясында үздік деп танылды. Мұнайдан ластанған топырақ қабатын микроағзаларды қолдану арқылы тазарту тәсілін ұсынған ғалым өз жаңалығының мәнісін «Бұл әдіс арқылы топырақты 73-90 пайызға дейін тазартуға болады. Көмірсутектер тотығып, соңында су мен көмірқышқыл газы бөлініп шығады», – деп түсіндірді. Айта кетелік, Ерлан Досжанов – PHD докторы, Жану проблемалары институтының ғылыми қызметкері, сондай-ақ, топырақтың ластануы себебін биохимиялық әдіспен табу жобасының авторы. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».