• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 24 Сәуір, 2024

Эко-сала қалай дамып жатыр?

159 рет
көрсетілді

Кеше  «ECO Network» компаниясының  ұйымдастыруымен  Алматыда «жасыл» күн тәртібін талқылауға арналған диалог алаңында «Эко-директорлар meet-up» іс-шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараны  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров ашып, ол қаланың таза ауасы мен қалдықтармен күресудегі  жүргізіліп  жатқан  жұмыстардың  алғашқы нәтижелерін бөлісті.

«Біз әріптестеріміз бен достарымызды сүйікті Алматының көктемінде, отандық эко-саланың Қазақстанда ғана емес, жалпы өңірдегі басты оқиғаларының біріне айналған жыл сайынғы кәсіби алаңымызда қуана қарсы аламыз. Қатысушыларға тиімді желілер, сапалы мазмұнда  бірегей кейстер мен  ең өзекті ақпараттар  берілді», дейді «Eco Network» негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов.

Аталған   форумға  «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы»  КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушысы Дидар Қарымсақов, «ESG Officer KASE» компаниясынан  Мадина Қасымбаева,  «KazakhTourism» ұлттық компаниясының басқарма  төрағасы Қайрат Сәдуақасов, «ЕҚДБ geff» жасыл қаржыландыру бағдарламасы басшысының орынбасары Екатерина Карцева  және  Қазақстанның құрметті экологы  әрі  «ESG-Lab» құрылтайшысы  Сергей Цой қатысып,  біраз мәселені  талқылағаны бар.

«Эко-Директорлар Meet-up»  форматында   білім беру-ақпараттық модуль маңызды кейстерді талдауға арналған. ESG, жасыл қаржыландыру, энергия көздерінің тиімділігі мен  жасыл шешімдерді субсидиялау. «Жасыл стартаптар» питчингінде «GreenTech, CleanTech, ClimateTech» саласындағы үздік инновациялық әзірлемелер қаралды. Конкурс жеңімпаздарына  өз стартаптарын  іске асыру үшін консультациялық және тәлімгерлік көмек пен   1 млн теңге жүлде  белгіленген.

Аталған шара осыдан бес жыл бұрын оңтүстік астанадағы   қала тұрғындары мен бизнес өкілдері  үшін диалог алаңы ретінде құрылды.  «USAID»  кәсіпкерлікті және бизнес-ортаны дамыту жобасы  – «City Experiment Fund» өңірлік жобасы шеңберінде, Sergek group, Home Credit Bank, БҰҰДБ, Astana Hub, KazakhTourism, igtic, Most бизнес-инкубаторының  қолдауымен іске қосылған еді. 2018 жылдан бастап «Eco Network» компаниясы ESG, эко-бокстарды орнату, бөлек жиналған қалдықтарды шығару, статистика мен талдауды жүргізу қағидаттарына оқыту арқылы еліміздегі  компаниялардың жаңа HR-бренді,  эко-имиджін дамытуға және қалыптастыруға бағытталғандығын айтуға болады. USAID – Орталық Азия  елдерімен  бірлесе әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатты қамтамасыз етуге жәрдемдесетін Американың жетекші үкіметтік агенттігі.