• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2015

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан төрт адам қаза болды

298 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 6 қаңтар. «Ақтөбе-Астрахань» тас жолы бойында орын алған жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақтөбе қаласынан Алға қаласына қарай бағыт алған «Тойота Corolla» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Темір ауданының 42-жастағы тұрғыны басқарған «Опель-Вектра» көлігіне соқтығысты. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпары бойынша, жол-көлік апаты салдарынан «Опель-Вектра» көлігінің жүргізушісі мен 52-жастағы жолаушысы және «Тойота Corolla» көлігінің 50 және 52 жастағы жолаушылары алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. «Опель-Вектра» көлігінің 4 жолаушысы (біреуі бір жарым жасар бүлдіршін) және «Тойотаның» 2 жолаушысы түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының ауруханаларына жеткізілді. Қазіргі таңда жол-көлік апатының орын алу себебі мен салдарын анықтау мақсатында Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 тармағына сәйкес, яғни екі немесе одан көп адамның өліміне әкелген жол жүру ережелерін бұзу дерегімен қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: total.kz.