Бүгін, 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Egemen.kz.
ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер асты дүмпулерінің уақыты – 11:19 (Астана уақытымен) Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 5 км. Сезілген аймақ: Зайсан ауданы, Тасбастау ауылы - 2 балл.