Испаниялық команда бес дүркін «Алтын доп» иегеріне салықты есептемегенде жылына 39,4 миллион еуро ақша ұсынуға дайын отыр. Ал келісімшарт бойынша оның трансферлік құны 250 миллион еуроны құрайды.
Сондай-ақ, өзге командаға ауысқан жағдайда бұл соманың 10 миллион еуросын өзіне алуға құқылы. Қазіргі келісімі 2017/18 маусымының соңына дейін. Ал жалақысы – 22,8 миллион еуро. Мәліметтер бойынша, ресми ұсыныс осы айдың соңына жасалады.
Бірер күн бұрын аргентиналық футболшының әкесі Хорке Месси ұлының ешқайда кетпейтіндігін сенімді түрде айтқан болатын. Бұл маусымда ол 24 матчқа қатысып, 27 голдың авторы атанған.
Айта кетейік, өткен айда Қытайдың «Шанхай Шеньхуа» командасына ауысқан Карлос Тевес жалақысы ең жоғары футболшылардың рейтингінде көш бастаған.