• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2015

Ақмола облысында қоғамдық музейлер марапатталды

370 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 7 қаңтар. Көкшетауда Ақмола облысының «Туған жер» Отан Даңқы қоғамдық музейлері байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Шара елдің «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізіндегі Қазақстан Республикасы жастарын ұзақ мерзімді мақсатты патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Байқауға 200-ден астам қоғамдық музей мен музей типтес құрылымдар, мәдениет ұйымдары, меншік түрі тәуелсіз білім, спорт жүйелері, балалар, жастар, ардагерлердің қоғамдық құрылымдары, ҮЕҰ, ұлттық мәдениет орталықтары, қоғамдық музейлердің барлық тілек білдіруші құрылтайшылары қатысты. Байқау екі кезеңмен әрі тартысты өткенін айту керек. Оның жеңімпаздары ретінде түрлі аталымдар бойынша топ жарған Ақмола облысының 24 қоғамдық муезйі іріктеліп алынды. Байқаудың барлық қатысушылары түрлі дипломдармен, арнайы төсбелгілермен, құнды сыйлықтармен, алғыс хат және мақтау қағаздарымен, сертификаттармен марапатталды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Тың игерудің 60 жылдығына, Қазақстан Республикасындағы халықтар достығы мен өскелең ұрпақтың мемелкет пен қоғам өміріне араласуына арналған тақырыптық материалдар да жұртшылық назарына ұсынылатын болады. Бақберген Амалбек. Дерек: egemen.kz. Сурет: egemen.kz.