Оқиға 24 сәуір күні Қостанай облысының Қарабалық ауылында болған. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жол қозғалысы ережесін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғыны көлігін жергілікті полиция бөлімінің аумағына қойған. Ескерту жасаған екі полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған зейнеткер екі полицейді көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасаламақ болған.
Облыстық ІІД хабарлауынша, құқық бұзушы ұсталды. Полицейлердің денсаулығына зиян келтіру қаупі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.