• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2015

Заманауи «киіз үй»

1489 рет
көрсетілді

«Ізденген жетер мұратқа» деген осы шығар. Отан­­­дық өнертапқыш Әбді­­­мү­тәлі Дұрманов электр энергиясын өндіретін киіз үй пішіндес құрылғы ойлап тапты. Жел мен судың және күн сәу­лесінің әсерімен қозғалысқа түсетін бұл «киіз үй» электр стансаларымен салыстырғанда қуатты 3 есе көп әрі 2 есе арзан бағада өндіруге мүмкіндік беретін көрінеді. Желдің бағытына қарамастан кез келген жағдайда энергия өндіре алатын артықшылығы бар қондырғыны жасау үшін автор 18 жылдан астам уақытын арнапты. Қазір ол осы жобаны ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр. Ә.Дұрманов: «Қондырғының көлемі неғұрлым үлкен болған са­йын одан алынатын электр қуаты да арта түседі. Оны кез келген жерге орнатуға болады. Шымкенттегі зауыттардың бірі қызығушылық білдіріп, «киіз үйдің» өндірістік нұсқасын жасады. Енді құралды қосалқы бөлшектермен жабдықтап, сынақтан өткізу ғана қалды. Бұған 1 млн. теңге қажет», – дейді. Өнертапқыштың айтуынша, егер мұны қолдайтын инвесторлар табылып жатса, жоба өзін өзі 1 жылға жетпей ақтайды екен. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».