• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2024

Атырауда Жайық өзені тағы да көтерілді

1160 рет
көрсетілді

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді. Бұл туралы Egemen.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі – 626 см, деңгейдің +13 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 403 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 735 см, деңгейдің тәулігіне +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 418 см құрайды.   

Жайық өзені – Атырау қаласының гидропостындағы деңгейі 431см, тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 240 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі.

«27 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды», делінген хабарламада.