Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тас жолында 48 жастағы полицейді қағып кетті. Оқиғаға кінәлі жүргізуші бой тасалаған, деп жазады Egemen.kz.
Жол-көлік оқиғасынан Ішкі істер министрлігінің қызметкері қайтыс болған.
«28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тас жолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды», делінген СҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ, ведомоство оқиға полицейдің қызмет уақытынан тыс кезде болғанын мәлімдеді.