Аймақтар 29 Сәуір, 2024

Екібастұз МАЭС-2 станциясы 640 млн теңге салық төлеуге міндеттелді

160 рет
көрсетілді

Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс қорытындысында Екібастұз МАЭС-2 бюджетке 640 млн теңгеден астам салық төлемей келгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық прокуратураның қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданды.

Нәтижесінде, Екібастұз МАЭС-2 мемлекеттік аймақтық электр станциясы салық бойынша берешегін бюджетке төледі.