Ақмола облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолында ірі жол апаты болды. Жантүршігерлік апат салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға 28 сәуірде болған. Түнгі сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Mercedes-Benz E200 маркалы көлік пен Жақсы ауылынан Астана бағытында келе жатқан «ВАЗ-2107» көлігі соқтығысты.
Жол апаты салдарынан 5 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 2 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.