• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2024

Өз ағашын өсіреді

38 рет
көрсетілді

Ақындар мен батырлар елі – Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездескен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Өз ағашыңды өсір» атты игі іс-шараға қатысты.

Сапар барысында аудандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралаған өңір басшысы Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп-лицейге арнайы ат басын бұрып, мектеп оқушыларымен бірге ағаш көшеттерін отырғызып, көпке үлгі болды.

«Бүгін «Жасыл аймақ» бағыты бойынша мектеп оқушылары мен ұжымдарының бастамасымен өңірімізде «Өз ағашыңды өсір» акциясы ұйымдастырылып отыр. Оған білім ордаларындағы 340 мыңнан аса оқушының бір кісідей қатысуы мұның жалпы бұқаралық сипатын көрсетті. Осы арқылы біз Президентіміздің орман алқабында 2 мил­лиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу бойынша тапсырмасын орындауға өз үлесімізді қосып отырмыз. Бұл акцияның тәрбиелік мәні өте жоғары. Атқарылған жұмыстар туып-өскен жерімізді, өз өлкемізді көгалдандырумен қатар, жасыл желекке орауға мүмкіндік береді. Бұған қоса мұндай игі іс-шаралар біздің ауызбіршілігімізді айқындап, елдігімізді көрсетері анық. Ендеше, барлық атсалысқан жерлестеріміз бен балдырғандарымызға алғысымды білдіремін», деді Марат Елеусізұлы.

Осы күні облыс орталығы Қонаев қаласында «Жасыл аймақ» акциясы аясында 14 мектептен 13 мың оқушы бір мезетте ағаш тұқымын егу рәсіміне белсенді түрде қатысқанын атау артық етпес.

Жалпы, «Жасыл аймақ» апталығында қала бойынша 1 500 түп жасыл желек отырғызу жоспарланған.

 

Алматы облысы